Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
Тәуелсіздік мерекесі және жаңа жылда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекеттік кірістер комитетіні ауа райы жағдайын ескеріп, жүкті тасымалдау маршрутын алдын ала жоспарлауды және өткізу пункттеріне брондалған күні келуге кеңес берді.
«Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу «CarGoRuqsat» (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз».
МКК екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаған.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.