«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл қызметке «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Елжас Отыншиев келді.
Ол әртүрлі жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеген.
2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: