Қазақстан халқының саны 20,6 млн адамнан асты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 20 604 819 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 104,9 мың адамға немесе 0,51%-ға өскен. Оның 99 419-ы табиғи өсімге, 5578-і көші-қонға тиесілі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Халық саны ең жылдам өсіп жатқан қалалар – Астана, Алматы және Шымкент. Астана тұрғындарының саны 51 429 адамға артып, 1 690 605-ке жетті. Алматыда халық саны 31 690 адамға өсіп, 2 379 793 адам болды. Шымкентте бұл көрсеткіш 19 298 адамға артып, 1 313 348-ге жетті.

Ал 12 облыста халық саны азайған. Ең көп төмендеу Түркістан облысында тіркелді – 4212 адам. Одан кейін Жамбыл облысы – 3951, Абай облысы – 3817 адам. Қазір Қазақстанда 13,2 млн адам қалада, 7,4 млн адам ауылда тұрады. Жыл басынан бері қала тұрғындарының саны 126,6 мыңға өссе, ауыл халқы 21,7 мың адамға азайған.

халық сан ел

Тақырыпқа жаңалықтар