Қазақстанда 5,3 мың оқушы жазғы маусымда ресми жұмысқа орналасқан

Елімізде 14 пен 18 жас аралығындағы 1,7 миллион балаға жұмыс істеуге рұқсат етілген. Мұны Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жұмыспен қамтылған 5,3 мың оқушының ең көбі сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтерін ұсыну, сондай-ақ тамақтану салаларында жұмыс істейді, Мамандықтарға бөлсек, көгалдандыру жөніндегі жұмысшы, курьер, даяшы, сатушы-кеңесші, аспаздың көмекшісі және аниматор болып еңбек етеді.

Министрлік мәліметінше, кәмелетке толмағандардың жазатайым оқиғалардан қорғау үшін арнайы жүйе енгізіледі. Платформа арқылы 14 жастан асқан жасөспірімдер жұмыс таба алады. Онда курьерлік қызмет, қоғамдық жұмыстар, лагерьдегі көмекшілік, көгалдандыру секілді жасөспірімдерге лайық бос жұмыс орындары жарияланады.

еңбек Мектеп Оқушы жұмыс

Тақырыпқа жаңалықтар