Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16, 17, 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдағы күндері батыста, солтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

 

  • Батыс және солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3…+11°С-тан –5…+8°С-қа дейін төмендейді, күндіз +5…+18°С болады.
  • Солтүстік, орталық және шығыста түнде 0…–13°С-тан –3…+3°С-қа дейін жылынады.
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0…+12°С-тан +5…+13°С-қа дейін өзгеріп, күндіз +10…+23°С болады.

 

Ауа райы Климат Қазан болжам

Тақырыпқа жаңалықтар