Қазақстанда аптап ыстықтан бетон тасжолдар тағы да көтеріліп кетті

Қазақстанда аптап ыстықтан бетон тасжолдар тағы да көтеріліп кетті. Мұндай жағдайды өткен аптаның соңында Шымкент – Өзбекстан Республикасымен шекара бағытындағы тасжолда жүргізушілер байқаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соңғы бірнеше күн ішінде осындай алты жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шілденің ыстығы қазақстандық жүргізушілерді біраз әбігерге салды. Олар ыстыққа шыдас бермей көтерілген жолды айналып өтуге мәжбүр. ҚазАвтоЖол компаниясы осындай жағдайларды анықтап, жөндеу жұмыстарын тез арада жасауға 50 жұмысшы мен қажетті техникалар жұмылдырды.

Алайда көпшілік жолдың қаншалықты сапалы екендігіне алаңдаулы сияқты. Желідегі жұрт бүлінген жолға кінәлі күннің ыстығы ғана емес, жолды салған мердігер компания дейді.

аптап Ыстық Жол Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар