Қазақстанда биыл күзде 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Оған кейінге қалдыру немесе әскери қызметтен босату құқығы жоқ 18-27 жастағы ер азаматтар қатысады, деп хабарлайды Arbat.Media.

12 мыңнан астам сарбаз Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына жіберіледі. Тағы 7 мыңға жуығы Ұлттық ұланда, шамамен 3 мыңы ҰҚК Шекара қызметінде әскери борышын өтейді. Қалған азаматтар Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне бөлінеді.

Әскери қызмет кезінде сарбаздар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарының бірін тегін меңгере алады. Сондай-ақ оларға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.

Әскерден кейін азаматтар ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына грант негізінде түсу мүмкіндігіне ие болады.

Әскер Сарбаз шақыру

Тақырыпқа жаңалықтар