Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге өсті
Үкімет Президенттің ғылымды экономиканың қозғаушы күші ету тапсырмасын іске асыруда, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ғылым мен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге артқанын, бұл 809 ғалымды шетелдік тағылымдамаға жіберуге және материалдық базаны жаңартуға мүмкіндік бергенін хабарлады.
Ұлттық Ғылым академиясы мен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды.
Ғалымдардың жалақысы 18%-ға өсті, үстемеақылар көбейді.
Министрдің айтуынша, ірі кәсіпорындармен ынтымақтастықта 100-ден астам ғылыми мәселе әзірленіп, 10 ғылыми тапсырма бекітілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: