Қазақстанда халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салынады

Қазақстанның 11 өңірінде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелеу және инвестициялық преференциялар арқылы қолдау көрсетіледі.

Жоспарланған нысандар қатарында Қонаевтағы Hilton және Marriott, Павлодардағы Novotel, Қостанайдағы Courtyard by Marriott, Қызылордадағы Rixos, сондай-ақ Алматыдағы Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu қонақ үйлері бар. Шымкентте де жаңа Hiltonқонақ үйін ашу көзделген.

Сарапшылардың пікірінше, халықаралық брендтердің келуі қызмет көрсету сапасын арттырып, бәсекелестікті күшейтеді және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

қонақ үй туризм саясат халық

Тақырыпқа жаңалықтар