Қазақстанда зейнетақыға қатысты жаңа ереже енгізіледі
2027 жылдан бастап қазақстандықтардың зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Енді есептеу кезінде азаматтың зейнетақы жинағын кім басқаратыны да ескерілмек. Сонымен қатар салымшылар жинағының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға бере алады.
Бұған дейін бұл мүмкіндік 50%-бен шектелген еді. Жаңа өзгерістер азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруда көбірек таңдау құқығын береді.
Ал мемлекет міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік беруді жалғастырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: