Қазақстандық әнші “Славян базарында” Гран-при жеңіп алды

Қазақстандық әнші “Славян базарында” Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алмагүл Батталиева Витебскте өткен «Славян базары – 2025» халықаралық байқауында 137 ұпаймен Гран-при иегері атанды.

Әнші финалда «Вечность» әнін орындап, қазылар мен көрермендердің ықыласына бөленді.

Бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.

Былтыр бұл байқауда Ерназар Жұбан 1-орын алған болатын.

Әнші қазақстандық Славян базары Гран При
Кеше, 15:25 Қазақстан жаңалықтары
11 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар