Қазақстандық спортшы бір жарыста екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы бір жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Гимнастшы Милад Карими Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК.

Кермедегі жаттығудан өткен финалдық жарыста Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Осылайша, ол тағы бір күміс медалін жеңіп алды. Бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған.

Спортшы Жарыс спорт жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар