Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан жапты

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Моңғолиядағы сапары кезінде АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы Дональд Трамп-кішімен кездесіп, оған қазақтың ұлттық шапанын тарту етті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның сөзінше, олар табиғат аясында үш күн бірге уақыт өткізіп, бір дастархан басында әңгімелесіп, жақынырақ танысқан.

Кездесу барысында Трамп-кіші қазақстандық блогердің шығармашылығына қызығушылық танытып, оның әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған. Осы сәтті пайдаланған Дастан Мұхамедрахым оған қазақтың ұлттық киімін кигізіп, шапан сыйлаған.

Блогер тосын кездесуге қатысты әзілін де жасырмады. Ол Трамптың ұлының өзі түсірген видеосын атап, бұл жағдайға таңданысын білдірген.

«Голливудта болмаған нәрсе шын өмірде болып жатыр. Менің өзеннен өтіп жатқан видеомды Трамптың баласы өзі түсіріп тұр десем, найзағай ма?» – деп жазды ол.

Травел-блогер АҚШ президенті Кездесу

Тақырыпқа жаңалықтар