Қазақстандықтар өткен айда зейнетақы қорынан баспана үшін 27,5 млрд теңге алған
Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, тамыз айында азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға 27,5 миллиард теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланған. Бұл шілдедегі көрсеткіштен сәл жоғары, деп хабарлайды, Arbat.Media.
Ол кезде жұмсалған сома 27,1 миллиард теңге болған. Яғни, маусым айынан бастап бұл ақшаны пайдалануға қойылатын талаптар күшейгенімен, оған сұраныс аса төмендеген жоқ. Жинағын пайдаланған азаматтардың саны да өсіп келеді.
1 шілде мен 1 тамыз аралығында олардың саны 8 мың 800 адамға, ал 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында тағы осынша адамға артқан. Зейнетақы төлемдерін пайдаланудың негізгі мақсаты да өзгермеген.
Шілде мен тамыз айларында төлемдердің 58 пайызы тұрғын үй сатып алғанда, түпкілікті есеп айырысуға бағытталған. Ал пайдаланылмай қалған қаражат зейнетақы қорына қайтарылады.