Қазақстандықтар зейнет жасына жетпей зейнетақы ала алады
Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді.
2026 жылы аннуитет рәсімдеуге қойылатын жас талаптары: Ерлер – 55 жастан бастап;
Әйелдер – 53 жастан бастап;
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 60 ай төленген азаматтар – 50 жастан бастап.
Кейінге қалдырылған аннуитетті 45 жастан, ал тиісті кәсіптік жарналары бар азаматтар 40 жастан бастап рәсімдей алады. Бұл жағдайда төлемдер келісімшартта белгіленген уақытта басталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: