Қазақстандықтардың төлқұжатына өзгеріс енеді

Енді қазақстандықтардың паспортына қар барысының суреті қойылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бұл құжатты қорғау белгісі екенін айтты.

«Ұлттық паспорттың қорғау мәселесін қарастырудамыз. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін де енгізіп жатырмыз»,- деді Бауыржан Әленов.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 43 елге визасыз бара алады. Сондай-ақ 30 елдің визасын жеңілдетілген тәртіппен алу мүмкіндігі бар.

төлқұжат Паспорт Қазақ өзгереді

Тақырыпқа жаңалықтар