Қазақстанның 15 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі.
Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.