Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі көз жұмды
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі, көрнекті дінтанушы ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы қазаны дінтанушы Бейбіт Сапаралы жеткізді. Оның айтуынша, Рәтбек қажы Нысанбайұлы тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елінің тұңғыш бас мүфтиі, ҚМДБ-ның алғашқы төрағасы болған.
1990 жылы Қазақстан қазиаты Орта Азия мұсылмандары діни басқармасының құрамынан шығарылып, дербес Қазақстан мұсылмандарының муфтияты құрылды. Кейін бұл құрылым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болып қайта ұйымдастырылды. Аталған ұйымның алғашқы басшысы әрі бас мүфтиі болып Рәтбек Нысанбайұлы тағайындалып, бұл қызметті 2000 жылға дейін атқарды. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры атанған.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.