«Қазгидромет» бірқатар өңірде күн райына байланысты ескерту жасады
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары30 қыркүйек 2024, 1:26

«Қазгидромет» бірқатар өңірде күн райына байланысты ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлерінде 30-шы қыркүйек күні болатын ауа райы болжамын жариялады. 30 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 30 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, - деп хабарлайды Arbat.media.

30 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

30 қыркүйек күндіз, 1 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с болады. 30 қыркүйек пен 1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

30 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 30 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте 30 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістанда 30 қыркүйекте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

30 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 30 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 30 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде 30 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қазгидромет өңірлер ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар