«ҚазМұнайГаз» басшылығы ереуілшілердің талаптарына жауап берді
«Қазмұнайгаз» ҰҚ» АҚ «Westoil Software» мекемесіндегі заңсыз ереуілге қатысушылармен арада жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы айтты. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсейіт Союнов «West Oil Software» ЖШС-ның заңсыз ереуіліне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Өз үндеуінде ол келіссөздер барысында жұмысшылардың ҚМГ құрамына қабылдауды, оларды ұлттық компанияда қабылданған бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өткізуді және кәсіпорынның жабдықтарын жаңартуды талап еткенін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
ҚМГ ереуілшілердің соңғы талабымен келісті, құрал-жабдықтар әзірленген бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде толық жаңартылады.
Алайда West Oil Software ұжымын «ҚазМұнайГаз» құрамына енгізу және бірыңғай еңбекақы жүйесіне көшу талаптары орынсыз және олардың орындалмайтынын жеткізді.
Союновтың айтуынша, мекеменің көлік паркін жаңғырту бағдарламасы жүйелі жүзеге асып, жыл соңына дейін 70-тен астам техниканы жаңарту жоспарланған. Барлығы 200-ден астам техника жаңартылмақ.
«Жұмысшылар қойған негізгі талаптарға сәйкес, мекеменің құрал-жабдықтарын жаңартып, жоғары сапалы еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында үш жылдық мерзімге 202 техниканы жаңарту жоспары бекітілді. Жаңарту кестесіне сәйкес кәсіпорынға жаңа техникалар келе бастады. 2023 жылы 17 техника және 2024 жылдың басынан бастап 4 техника алынып, іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін барлығы 70 техниканы жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар, қазір өндірістік ғимаратты жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде», – деді Нұрсейіт Союнов.
Сондай-ақ, Союнов ақпан айында ереуілден кейін қызметіне қайта оралуға шешім қабылдаған 143 қызметкерге наурыз айында жалақы төленгенін атап өтті. Олар еш кедергісіз, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.
«ҚазМұнайГаз» өкілі заңсыз ереуілге қатысушыларды жұмыс орындарына оралуға шақырып, жұмыссыз қалудың табыссыз қалуға әкеп соғатынын атап өтті.
«Сіздерге күнделікті өндірісте өздеріңізбен жұмыс жасап, қайтадан қызметтерін бастаған 143 азаматпен бірге болып, жұмыс орындарыңызға оралуға шақырамын. Сөзге тоқтаған текті бабалардың ұрпағы, киелі өлкенің азаматтары ретінде ешбір арандатуға түспей, жұмысқа оралып, адал табыс тауып отырған қызметтеріңізге білек түре қайта кірісу қажет деп санаймын», - деді Нұрсейіт Союнов.