ҚМДБ-ның өз жасанды интеллекті болады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз жасанды интеллект (ЖИ) жобасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Елордада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен э арнайы аппараттық кеңес өткен. Кеңесте цифрлық даму мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында ҚМДБ-ның цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы Imam AI жобасын таныстырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни-ағартушылық бағытта тиімді пайдалану жолдарына тоқталған.

Айта кетерлігі, бұл жоба заманауи технологиялар арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуға, сондай-ақ сұрақтарға жылдам жауап беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Imam AI жүйесін пилоттық режимде іске қосу мамыр айының басына жоспарланған.

ҚМДБ Дін сала ЖИ

Тақырыпқа жаңалықтар