Қонаевта құбыр жарылып, біраз үй жылу мен ыстық сусыз қалды
Фото: Алина Тулеубаева/МИА "Казинформ"
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары7 қараша 2024, 18:00

Қонаевта құбыр жарылып, біраз үй жылу мен ыстық сусыз қалды

Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында № 2 шағын аудан тұрғындары ыстық су мен жылусыз отыр. Оған тұрғын үйлердің бірінде құбыр жарылуы себеп болған. Қаланың «Жылу орталығы» мекемесі бүгін кешкі 18:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүретінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

— № 2 тұрғын үй жертөлесіндегі транзиттік кұбырдағы жарылысты жою үшін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2024 жылдың 7 қараша күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін № 2 шағын ауданда, 2, 3, 4, 5, 6, 6а, 6б, 7, 38, 37, 36, 35, 34, 33, 32, 31, 29 үйлерінде жылу және ыстық су өшірілетінін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жағдайды түсінуді өтінеміз. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу мен ыстық су қайтадан беріледі, — деп хабарлады «Жылу орталығы» мекемесінен.

 

Қонаев қаласы құбыр жарылды

Тақырыпқа жаңалықтар