Қонаевта жаттықтырушы жасөспірім қыздарға тиісті деген күдікке ілінді
Қонаевта ММА жаттықтырушысы жасөспірім қыздарға тиісті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жәбір көрдім деген жасөспірімдер әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
«Мені көлігіне отырғызып, есігін құлыптап аймалап сүйді. Кейін жаттығуға бармай қойдым. Үйіме келіп «қыздың болашағы зор» деп, өзі алып кететінді шығарды», - дейді жасөспірім қыз.
Жаттықтырушы зорламақ болды деген екінші жасөспірімнің айтуынша, оған салмақ қуалату үшін басты айналдыратын белгісіз зат тұтындырған.
«Қыздар бөлмесінде жалғыз қалғанымда, мені қабырғаға тақап алып, сүймек болды», - дейді екінші жасөспірім.
Алматы облыстық полициясы 47 жастағы жаттықтырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның тергеу изоляторына қамалғанын айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: