Қостанайда 16 жастағы жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Іздеу жұмыстары 19 наурызда басталды.
Полиция оның болуы мүмкін орындарын тексеріп, туыстары, таныстары және көршілерінен жауап алып жатыр.
Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына еріктілер мен өзге де қызметтер тартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: