Қостанайда күдікті ұрланған көлікпен полициядан қашты

Қостанайда күдікті ұрланған көлікпен полициядан қашты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қостанай облысында ер адам ұрланған көлікпен полициядан жасырынбақ болды. Рудный қаласының тұрғыны аулада тұрған көлігінің жоғалғанын байқап, полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру кезінде тәртіп сақшылары көліктің қозғалыс бағытын анықтап, оның Қостанай қаласында жүргенін анықтады.

Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатпақ болған сәтте жүргізуші бағанға соғылып, ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті — Рудный қаласының 28 жастағы тұрғыны.

Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қостанай Күдікті полиция қашты
Кеше, 17:41 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:52 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:39 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар