Қостанайда мас адамдар полицейді балаларының көзінше ұрып-соққан

Желіде бір топ адамның полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кадрдан олардың полицейді жерге құлатып, тепкілегенін көруге болады.

Жанжалға полицейдің ескертуі себеп болған. Ал үш ер адам оған жауап ретінде оны ұрып тастаған. Осы оқиға кезінде полицейдің жанында балалары болған.

Қазір полиция қызметкері ем қабылдап жатыр. Ал бұзақылар ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қостанай полиция соққы мас

Тақырыпқа жаңалықтар