Қуандық Бишімбаевтың туысы түрмеден мерзімінен бұрын шығатын болды

Қуандық Бишімбаевтың туысы түрмеден мерзімінен бұрын шығатын болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Степногорск қалалық сотында Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші қаралды.

Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылғы 18 шілдеде аяқталуы тиіс болған. Ол ақыры амнистияға ілігетін болды.

Енді Қуандық Бишімбаевтың туысы 2026 жылғы қарашада бостандыққа шығады. Сотта Бақытжан Байжановтың түрмедегі тәртібі ескерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.

Ал Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов «қылмысты жасырды» деп айыпталып, 4 жылға сотталған.

Бишімбаев Қылмыс Нүкенова сот

Тақырыпқа жаңалықтар