Қуаттағышты тоқта қалдырса ... Үш маңызды дерек
Қуаттағыш сымды телефонсыз ток көзінде қалдырмаңыз. Себебі ұялы телефонды қуаттау құралы күту режимінде де бойына электр қуатын тартуды тоқтатпайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Еgemen.kz жариялады.
Қуаттағышты ток көзінен ажыратпау салдарынан адам өміріне қауіпті 3 жағдай туындауы мүмкін:
- Қуаттағыштың ішінде күту режимінде де электр қуатын тартуды жалғастыратын компонент бар. Бұл кезде энергияны тарту күші аз болса да, қуат келу кернеуі тоқтамайды. Қуаттағыш телефонсыз біршама уақыт ток көзінде қалып кетсе ішкі сымдары қызып, конденсатор сияқты ішкі компоненттері тез тозып кетеді.
- Ток көзінде тұрған қуаттағышта кернеу кенет өзгере қалса шектен тыс қызып, өздігінен түтіндеп, соңы өртке ұласуы мүмкін.
- Қуаттағышты телефонсыз ток көзінде қалдыру, әсіресе, кішкентай балалары мен үй жануарлары бар отбасы үшін тым қауіпті. Себебі бірінші пунктте ескертілгендей, қуаттаушы құралда электр кернеуі кенет қызған кезде бала не жануар жақындай қалса ток соғу қаупі бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: