Құмар ойынына тіккен: Ақтөбеде мұғалім оқушыларының ата-аналарынан алдап ақша алған

Математика мұғалімі жекеменшік білім беру орталығында жұмыс істеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептеріне және мамандандырылған мектеп-интернатына түсуге дайындады.

Ол 4 оқушының ата-анасына ақшаға НЗМ-ға түсіріп беретінін айтқан.

Сотта мұғалім кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Кейін ол алған ақшасын онлайн казиноға жұмсағаны анықталды.

Екі ата-ана мұғалім 3,3 миллион теңгесін қайтарғандықтан ,кешірім берді.

Қалған екі ата-ана ақшасын қайтарса да, мұғалім жазасын алуы керек деді.

Ақырында 40 жастағы мұғалім алаяқтық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Ақтөбе ойын Құмар Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар