«Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет» - Тоқаев

Президент тұрғын үйлердің сапалы салынуын бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Жыл басынан бері қалада 5 миллион шаршы метр үй салынған. Жақсы көрсеткіш. Бірақ санды көбейтеміз деп, сапаны ұмытып кететіндер бар. Мысалы, таяуда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті. Тағы бір үйде лифт құлады. Сапасыз материалдарды пайдалану, құрылыс талаптарын сақтамау – нағыз қылмыс", - деді Тоқаев.

Ол Үкіметке құрылыстың барлық кезеңін, жобалаудан бастап дайын үйді тапсыруға дейінгі үдерісті толық цифрландыруды тапсырды.

Айтуынша, үй салып жатқан компаниялар мен мердігерлер туралы ақпарат ашық әрі қолжетімді болуға тиіс.

Тоқаев Президент тұрғын үй кешен
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар