Қырғыз президенті қазақтардың жиені болып шықты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақтар мен қырғыздарды халықтар арасындағы араздықты қоздыруға бағытталған арандатушылыққа берілмеуге шақырды, деп хабарлайды Arbat.media.
Садыр Жапаров қырғызстандықтарды тыныштық сақтауға және қырғыз-қазақ қарым-қатынасын сынамауға шақырды. Президенттің бұл үндеуді жолдауына Кенесары хан мен оның қырғыз жерлеріне жорығы туралы айтылған YouTube-тегі екі сағаттық бейне себеп болған.
Президент бұл тарихи оқиғаны алауыздық тудырғысы келетін адамдардың жиі қолданатынын атап өтті. Ол Кенесары ханның өлімі араздыққа себеп болмауы керектігін айтты. Жапаров қазақтар мен қырғыздар ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқанын, бір-бірін қолдап, тығыз туыстық байланыста болғанын атап өтті.
Президент мысал ретінде өзінің арғы атасы Солтонқұлдың әйелі қазақ болғанын айтты. Президент «қазақ халқының жиені» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел арасында мұндай байланыстар өте көп екен.