Қытайда адам өлімімен аяқталған төбелестен кейін Қазақстан азаматы қамауға алынды
30 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын, деп хабарлайды Arbat.Media.
Осыған қатысты Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Гуандун провинциясының қоғамдық қауіпсіздік бюросынан ресми хабарлама алды.
Қазақстан азаматы адам өліміне әкелген денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.
«Қазіргі уақытта Қазақстан тарапы қосымша ақпарат алу үшін Қытайдың құзырлы органдарына тиісті сауалдар жолдады. Қазақстандық дипломаттар ұсталған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, өз құзыреті шегінде қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.
Мәселе Сыртқы істер министрлігінің қадағалауында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: