Қызғалдақпен суретке түскен әкім жазаланады
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданында аудан әкімі Қызыл кітапқа екенген қызғалдақпен суретке түскен. Әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваның қандай қызғалдақ жұлғанын тексеретінін мәлімдеген.
Әкімнің айтуынша, қызғалдақтарды оған қыздары сыйлаған. Қыздар табиғат аясында қыдырып жүріп, сол маңнан гүлдерді терген.
Полиция бұл гүлдерді жұлуға тыйым салынғанын мәлімдеді. Өйткені қызғалдақтар Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Гүл ұстап суретке түскен әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
«Анықтау нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен қамқорлық жасау міндеттерін орындамау») әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.