Қызылордада бір топ жігіт мектеп оқушысына жабылып, ұрып-соқты

Кәмелетеке толмаған жасөспірім соққыға төтеп бере алмай, жерге құлса да қаскөйлер сабауын тоқтатпады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төбелес болған сәтті көпқабатты үй тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған. Кадрларда мектеп оқушысы асфальтта жатқанын көруге болады. Оны кемінде сегіз адам тепкінің астына алды. Бұзақылар тек көшеде өтіп бара жатқан әйелдің айқайынан кейін ғана тоқтап, жан-жаққа бытырай қашты.

Полицияның мәліметінше, шабуыл жасағандардың барлығы анықталды. Алайда әзірге оқиғаның толық мән-жайын айтпай отыр. Тек бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

Қызылорда облыс Жасөспірім Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар