Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
ото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
«Jolawşılar tasımalı»
Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2024, 20:21

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Республика күні мерекесіне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар қатынамақшы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:

— № 630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;

— № 204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

— № 216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

— № 201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызының бағыты:

— Астанадан сағат 10:40–та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15–те келеді;

— Бурабайдан сағат 14:10–да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00–де келеді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы № 6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.

Республика күні қосымша пойыздар

Тақырыпқа жаңалықтар