Рудный қаласының бұрынғы прокуроры сотталды

Қостанай облысында Рудный қаласының бұрынғы прокуроры Мұрат Теміртасұлы Оспановқа қатысты сот үкімі шықты. Ол аса ірі мөлшерде пара алмақ болғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, Оспанов Рудный қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысынан 20 миллион теңге көлемінде сыйақы сұраған. Бұл ақшаға ол 39-шағын аудандағы абаттандыру жұмыстары бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жасырып, істі тоқтатпақ болған.

Ақша талап ету туралы арыздан соң шенеунік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарласқан. Нәтижесінде прокурор комитет қызметкерлері жүргізген арнайы операция кезінде өзінің Land Cruiser көлігінде қолға түскен.

Сотта Мұрат Оспанов болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап, өз кінәсін толық мойындады. Ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қостанай Рудный Прокурор сот

Тақырыпқа жаңалықтар