Руслан Желдібай президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Желдібайды өзінің жаңа көмекшісі және баспасөз хатшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін Желдібай президент кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымын атқарған.
Ал Қуанышбек Есекеев президент көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ол 2024 жылдың маусымында президентінің кеңесшісі болып тағайындалған.
Сондай-ақ Марат Әшім президентінің кеңесшісі – президент протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: