Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды
Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Жаңа технологиялар және жоғары нәтижелер жөніндегі комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Руслан Желдібай бұл қызметті бұрынғы қызметтерімен қоса атқаратын болады. Бұл қызмет– еңбекақы қарастырылмаған қоғамдық негіздегі жұмыс.
Халықаралық дзюдо федерациясы Руслан Желдібайдың тәжірибесі мен құзыреті комиссияның одан әрі жұмысына жақсы үлес қосатынын атап өтті.
Руслан Желдібай - 2025 жылғы 17 ақпаннан бастап Президенттің кеңесші-баспасөз хатшысы болып қызмет атқарады. Ол бұл қызметіне дейін президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: