Сәденов Тоқаевқа есеп берді
Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сәденов президентке бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.Ержан Сәденов биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін айтты.
«Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді», — деді министр.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 11 топтың қызметі тоқтатылған. Сонымен қатар, бес есірткі зертханасы жойылып, 881,5 кило әртүрлі есірткі заттарының, соның ішінде 104 килодан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға енуіне жол берілмеген.
Тоқаев елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.