Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бақытжан Байжанов жазасын қысқарту туралы өтінішті 9 шілдеде түсірген. Бұл өтініш қашан қаралатыны белгісіз.

Өтініш қабылданған жағдайда Бақытжан Байжановтың жазасының шамамен 9 айы қысқаруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.

Ал Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов «қылмысты жасырды» деп айыпталып, 4 жылға сотталған.

Салтанат Нүкенова Бишімбаев сот

Тақырыпқа жаңалықтар