Санитарлар мүмкіндігі шектеулі балаларды ұрған
Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері тәрбиеленушілерді жүйелі түрде ұрып-соғып, психологиялық қысым көрсеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тексеру барысында зорлық-зомбылықтың 100-ден астам дерегі анықталған. Қадағалау органының мәліметінше, қызметкерлер балалардың дәрменсіз жағдайын пайдаланған.
Мекеменің өзге қызметкерлері болған жайттарды көрсе де, зорлық-зомбылықты тоқтату үшін ешқандай шара қолданбаған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаға қатысы бар қызметкерлер балалармен жұмыс істеуден шеттетіліп, олардың тәрбиеленушілермен байланысына шектеу қойылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: