«Сақ стиліндегі» 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл «Сақ стилі» сериясымен шығарылған бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бастау алатын, бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын айқындайтын «Сақ стилі» элементтері мен дәстүрлі қазақы ою-өрнекке негізделген.

Жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап жаппай қолданысқа енгізіледі. Бұған ел өңірлеріне жеткізу және банкоматтар, терминалдар мен кассалық жабдықтарды бейімдеу қажеттілігі себеп болған.

Ұлттық банк монета дизайн теңге

Тақырыпқа жаңалықтар