Сарыағашта 7 жылға сотталған Ұлыбритания азаматы ақталып шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тергеу кезінде шетел азаматының құқықтары бұзылғанын анықтады.
Қалта әмиянында психотропты зат алып жүрді деп айыпталған шетелдікке тағылған айып толығымен алынды.
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімі жойылып, сотталушыны ақтау жөнінде жаңа үкім шықты.
Сонымен қатар, сот алқасы шекара қызметкерлерінің іс әрекетін тексеру жөнінде жеке қаулы қабылдады.
Соған сай Бас прокуратура қызметтік тексеру жүргізіп, қабылданған шаралар жөнінде бір ай ішінде сотқа хабарлауға тиіс.