Сәтбаевта ер адам қызды зорламақшы болып, артынан қуды
Ұлытау облысында қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Сәтбаев қаласында болған.
Бұл жағдай кеше, 22 мамыр күні түнгі сағат 1:55-те болған. Көпқабатты тұрғын үйге кірген қыздың артынан егде жастағы ер адам жүгіріп кіреді. Қызды тұншықтырып, сыртқы есікке қарай сүйрей жөнеледі. Қыз қатты айқайлап, құтылуға тырысады. Ер адам қыздың дауысы шыққаннан кейін қашып кетеді. Сол кезде бірінші қабаттағы көрші де шығып қалады. Ол қашып кеткен күдіктіні іздей бастайды
Күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: