Сәтбаевта пышақ ұстап қызметкерлерді бопсалаған ер адам ұсталды
Сәтбаевта техника дүкеніне келген ер адам қызметкерлерге қарап пышағын бұлғап, балағат сөздер айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ер адам қызметкерлерлі қорқытқанымен қоймай, өзінің тамағына да пышақ тақап үлгереді. Сауда орнындағы қызметкерлер өздерін және басқаларды қорғауға тырысады. Сонымен қатар, олар ер адамды далаға шығармауға тырысты. Кейін ер адам қашып кетті.
Жергілікті тұрғындар дәл осы адам бұрын жасөспірімге шабуыл жасағанын айтты. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оның психикалық денсаулығына байланысты мәселелер болуы мүмкін.
Полиция күдіктінің ұсталғанын растады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: