Шахтинскідегі көпқабатты үйде жойқын жарылыс болды
Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 4 минут ішінде оқиға орнына барған. Жарылыс салдарынан өрт шыққан. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың біразы өз бетімен сыртқа шықса, бір бөлігін полиция қызметкерлері эвакуациялады.
«Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның бесеуі – полиция қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт жалпы 40 шаршы метр аумақта сөндірілді», – деп хабарлады ТЖД.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: