Қазақстан жаңалықтары2 қыркүйек 2024, 14:00

Саяхатшы түрік отбасы Ақтауға келді

Түркияның Анкара қаласынан Қазақстанның Астана қаласына бара жатқан түрік саяхатшылары бүгін Ақтауға жетті. Идил мен Бурак есімді ерлі-зайыпты екі жастағы ұлымен бірге Түркиядан 12-тамызда шыққан. Олар дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өз көзімен көру үшін, елімізге арнайы атбасын тіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

– Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұрақты жанкүйеріміз. Биылғы ойын бауырлас қазақ елінде өтетінін естіп қуандық. Келіп қатысуға Қазақстан туризм министрлігінен рұқсат алдық. Шағын автобус сатып алып, ішін алыс жолға жайлы етіп жабдықтадық. Көлігіміздің атауын жақсы ырымға балап «Көшпенді» деп қойдық. Бүгін атажұртымызда қонақасы жеген соң, Астанаға қарай шығамыз. Сапарымыздың көңілді әрі есте қаларлықтай өтіп жатқанына қуанып келеміз, - дейді саяхатшы Бурак Дуран.

Түрік отбасы Ақтауға Бакуден кемемен жеткен. Кеше түнде Ақтау теңіз портына түсті. Бауырлас ұлт өкілдері қазір қаладағы қонақүйлердің бірінде тынығып жатыр. Кешке қарай көліктерімен Астанаға жолға шығуды жоспарлайды. 

Жиһанкездер қазақ жерінде өздеріне көрсетілген сый-құрметке риза болғандарын жеткізді. 

 

 

Саяхатшы түрік отбасы Ақтау

Тақырыпқа жаңалықтар