Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Мамандар сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін антициклон әсерінен елдің солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал басқа өңірлерде циклон ықпалынан найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Оңтүстік аймақта шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Сонымен қатар солтүстік, шығыс, орталық және батыс аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы +24+26°С, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Алматыда найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы +30+32°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ге жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +33+35°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

 

Сейсенбі маусым Ауа райы болжамы

Тақырыпқа жаңалықтар