Шерзат Полатқа нақты кім пышақ сұққаны белгілі болды

Бүгінгі сот отырысында Шерзат Полатты соққыға жыққан сәт көрсетілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Видеоны «Қамажай» дүкенінің қарсысындағы үйдің тұрғындары түсіріп алған. Прокурор 9 айыпталушының ішінде марқұмға кім пышақ салғанын айтты.

“Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиев пышақ жарақаттарын келтіреді”, - деді прокурор.

Бүгін, 15 мамыр күні Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады.

Ержан Жанұзақовтың сөзінше, процесті талқылауға, тергеу мен соттың жұмысына баға беруге жол берілмейді. Бұл сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін.

"Әлеуметтік желілерде блогерлер мен сот процесіне ешқандай қатысы жоқ басқа азаматтар жеке пікір білдіріп, тергеу әрекеттері мен сот процесінің барысына субъективті баға беріп жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын еске саламыз. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады", - деді судья.

 

 

 

Шерзат Полат Ақпарат сот

Тақырыпқа жаңалықтар