Шерзат Полаттың ісі бойынша прокурор үндеу жасады

Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай өзінің Instagram парақшасында қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекеттік айыптаушы желіде өзінің есімін пайдаланып, түрлі фейк аккаунттар ашылып жатқанын айтып, халыққа үндеу жолдады. Ол өзінің бір ғана аккаунтты бар екенін және оны тек жеке мақсатта отбасы мен жақындарына арнап ашқанын атап өтті.

"Менің Instagram әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым тек отбасым мен жақындарыммен байланыс орнату үшін ғана құрылған. Бұл парақшада ешқандай ресми жарияланым, пікір немесе кәсіби сипаттағы ақпарат жарияланбайды. Менің атымнан ашылған басқа барлық парақшалар – жалған. Менің атымды, қызметімді немесе фотомды рұқсатсыз пайдалану, әсіресе қылмыстық іс аясында – бұл заңсыз әрекет, және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді ол.

Сондай-ақ ол аталған жалған парақшаларда мынадай ақпараттар жарияланатынын да еске салды: – түрлі блогерлерге жазылуға шақырулар жарияланады, – жалған сауалнамалар мен сілтемелер таратылады, – сыйлықтар мен ұтыс ойындары уәде етіледі, – қылмыстық іске қатысы бардай көрсетілген жалған мәліметтер таратылады.

Шерзат ісі Прокурор Үндеу

Тақырыпқа жаңалықтар